Жамбыл облысында бір отбасының бес адамы газға уланып, екеуі қайтыс болды. Аман қалғандары Меркі аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазір жағдайлары қалыпты. Уланғандардың арасында 7 жастағы бала бар, жағдайы тұрақтала сала санавиациямен облыс орталығындағы балалар ауруханасына ауыстырылды. Қайғылы оқиға табиғи газбен жанатын пешті дұрыс қолданбағаннан болып отыр.
Ақжібек Тәжібаева Меркі аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары:Екі науқас жағдайы қанағаттанарлық болғаннан кейін терапия бөліміне ауыстырылды. Ал Қалмұрзаев Нуридин бүгінгі күні жансақтау бөлімінде ем алып жатыр.
Сәбит Әлдебай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында бүтін бір отбасы газдан уланып, 2 адам қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133148/)