Қазақстанда доллар 1 теңге 63 тиынға қымбаттады. Таңертеңгі сауда бойынша ұлттық валютаның америкалық долларға шаққандағы бағамы 434,29 теңге болды. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар 435,47 теңгеден, Алматыда 435, 50 теңгеден сатылып жатыр. Шетел валютасы қымбаттап жатқан тұста, мұнай керісінше арзандады. Қара алтынның құны 3 пайызға төмендеді.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Доллар тағы да қымбаттады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133150/)