Алматы облысында сүндет той соңы көкпарға ұласты. Бір топ салт атты Алматы-Жандосов тас жолының бойында көкпар тартып, көлік жүруіне кедергі келтірген. Тәртіп сақшылары көкпаршылардың жолын кесіп, ойыншыларды таратып, автокөлік қозғалысын қайта қалпына келтірген. Сондай-ақ полицейлер Долан ауылының 38 тұрғынына карантиндік шектеулерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы құзырлы органдарға ұсыныс жасады.
Қуаныш Қанатұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында сүндет тойда көкпар ұйымдастырғандар жазаланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133160/)