![Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері қысқарады - ВАК шешімі](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/11/3/1604377057561.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан мемлекеттік шекарадағы шектеу шараларын күшейтеді.
Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша, мына азаматтар үшін мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді:
- ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер, олардың отбасы мүшелері үшін;
- ҚР азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер үшін.
Бұл азаматтар Қазақстан шекарасын 90 тәулікте 1 реттен артық кесіп өте алмайды (бұған дейін 30 тәулік болған).
Визасыз режим бойынша
57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұру 2021 жылғы 1 мамырға дейін ұзартылды. Ал ҚХР мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың ҚР аумағында 72 сағат визасыз болуын тоқтата тұру 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды.
Түркиямен әуе рейстері бойынша
9 қарашадан бастап Түркиямен халықаралық әуе рейстерінің саны аптасына 33-тен 20-ға дейін қысқарады.
Айта кетейік, 2 қарашадағы эпидахуал бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар санының артуы байқалады. 5-18 қазан аралығында елімізде вирусты жұқтырған 1272 адам анықталды, 19 қазан-1 қараша аралығында 3352 адам тіркелген. Өсу қарқыны 0,4%-ды, репродуктивтілік көрсеткіші 1,4-ті құрайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері қысқарады - ВАК шешімі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133176/)