![Қазақстаннан шетелге ақша аудару көлемі 16,6%-ға өсті](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/11/3/1604395719073.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2020 жылдың алғашқы тоғыз айында халықаралық жүйелер арқылы ақша аударымдарының жиынтық мөлшері 793 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 3,4%-ға жоғары.
Қазақстаннан басқа елдерге ақша аудару көлемі 16,6%-ға көбейген. Ал шетелден елімізге аударылған ақша 21,4%-ға қысқарды. Дегенмен ел ішіндегі ақша аударымдары 10,6%-ға артты.
Шетелге аударылған қаражаттардың негізгі үлесі Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстан және Түркияға тиесілі. Ал,Қазақстанға қарай жасалған ақша аударымдары Ресейден, Оңтүстік Кореядан және Қырғызстан мен Өзбекстаннан жүзеге асырылған.
Шетел аударымдарының орташа сомасы – 317 мың теңге болса, Қазақстанға – 219 мың теңге.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстаннан шетелге ақша аудару көлемі 16,6%-ға өсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133186/)