Жас мамандарды ауылға тарту үшін міндетті жұмыс істеу мерзімін 2 жылға дейін қысқартып, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту қажет. «Ауыл» партиясы жастар қанатының белсенділері пікір-сайыс барысында осындай ойларымен бөлісті.
Студенттердің айтуынша, бұл ретте мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстарын да ширату қажет. Бастысы – ауыз су проблемасы, интернет жылдамдығының төмендігі немесе мүлде жоқ болуы жастарға қолбайлау болып отыр.
Нұрсұлтан Құлке, студент:Студент қандай? Студент қалада оқып келеді. Қаланың ыңғайына бейімделеді. Кейін ауылға баруға жасқанады, өйткені ауылда интернет төмен, су жоқ.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Ауыл» партиясы жастарды ауылға тартудың жаңа жолын ұсынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133187/)