![Нұрсұлтан Назарбаев Түркия халқына Қазақстан атынан көңіл айтты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_1897.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мемлекет басшысы бүгін Түркияда болған қайғылы оқиғаға орай, ел Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.
Онда жазықсыз адамдардың қаза болып, зардап шеккені туралы хабар қабырғасын қайыстырғаны жазылған.
Сондай-ақ, «Қазақстан әлемдік қауіпсіздікке қатер төндіретін халықаралық экстремизм мен терроризм әрекеттерін қатаң айыптайды. Стамбулдағы теракт өркениетті қоғамда радикалды топтарға орын жоқ екенін тағы растады», делінген жеделхатта.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұрсұлтан Назарбаев Түркия халқына Қазақстан атынан көңіл айтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/13319/)