![Қазақстанда тағы бір қалаға блок-бекет қойылатын болды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/11/4/1604478540197.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақмола облысында мешіттер мен театрлар жұмысын тоқтата тұрады.
COVID-19-дың таралуын тежеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды.
Ведомствоаралық комиссия төрағасы облыстағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында 9 қарашадан бастап бірқатар шектеу шараларын қабылдауды тапсырды. Атап айтқанда,
-Көкшетау қаласының периметрі бойынша блок-посттар орнатуды;
-күн сайынғы өсімі 10-нан астам жағдайды құрайтын елді мекендерде санитарлық блок-посттар орнатуды;
-Көкшетау-Алматы, Көкшетау-Ақтау бағыттары бойынша әуе қатынасын аптасына 2-ден 1 рейске дейін қысқартуды;
-Көкшетау-Қызылорда бағыты бойынша теміржол тасымалдарын аптасына 7-ден 3 ретке дейін қысқартуды;
-жолаушылар темір жол құрамдарының облыс ішінде аялдауына тыйым салуды (облыс әкімдігі белгілеген жерлерді қоспағанда);
-діни объектілердің, театрлардың, кинотеатрлардың, мәдениет объектілерінің қызметін тоқтата тұруды тапсырды.
Сондай-ақ, ВАК шешіміне сәйкес, облыстағы мекеме қызметкерлерінің кемінде 80%-ы қашықтан жұмыс істеу режиміне ауысуы керек. Жалпы, жұмыс сапары барысында Премьер-Министрдің орынбасары жаңа модульдік инфекциялық ауруханының және «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» аясында іске асырылған басқа да объектілердің жұмысымен танысты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда тағы бір қалаға блок-бекет қойылатын болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133245/)