Нұр-Сұлтандағы ботаникалық бақта ешқандай нысан салынбайды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Тек айналасындағы саябақ аумағында спорттық ғимараттар бой көтеруі мүмкін. Мәселен, әлеуметтік желіде дау тудырған фитнес-клубтың құрылысы қалалық әкімдіктің қарауындағы дәл осы аумақта салынбақшы. Бұл – заңға қайшы емес.
Айта кетерлігі, ботаникалық бақтың 43 гектарға жуық жері әкімдіктің коммуналдық меншігінде.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордадағы ботаникалық саябақта ешқандай нысан салынбайды - министрлік жауабы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133247/)