Мемлекет басшысы, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Кездесу барысында Президент әскери алқа отырысын ұйымдастыруға тапсырма берді. Қазақстан армиясының материалдық-техникалық базасын жетілдіру перспективалары және әскерді заманауи қару-жарақ түрлерімен жабдықтау мәселелері сөз болды. Әскери қызметшілердің тұрмыстық және әлеуметтік жағдайын жақсарту, оларды сапалы киім-кешекпен қамтамасыз ету жайы да пысықталды.
Асима Нұрбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Қорғаныс министрін қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133322/)