![Алматы облысында туған нәрестесін тастап кеткен ана ұсталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/2/article_2561.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматы облысы, Іле ауданының, Ақши елді мекенінде әжетханаға жаңа туған нәрестесін тастап кеткен ана ұсталды. Бейкүнә перзентін дәретханада дүниеге әкеліп, 4 метр тереңдікке тастап кеткен жат бауыр келіншек 1992 жылғы Қарасай ауданының тұрғыны екен.
Қазір оның қылмысына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал, ауылдағы жеке жер үйдің әжетханасынан 4 шілде күні табылған сәбидің салмағы - 3,3 келі. Осы уақытта оның денсаулығы дәрігерлердің назарында.
Амангелді СЕЙІТХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында туған нәрестесін тастап кеткен ана ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/13334/)