Елде 3 мыңнан аса жұмысшының тапқан табысы әлі қолына тимей жүр. Жұмыс берушілердің қызметкерлерге қарызы 1 млрд теңгеден асып кеткен. Жалақы беруден жалтарып жүргендер туралы Андрей Лукин депутаттық сауалында көтерді. 530 млн теңгеден аса қарызын қайтармаған 50 кәсіпорынның 42-сі банкротқа ұшыраған. Тағы 100 млн теңгеден аса жалақыны 16 кәсіпорын бермей отыр.
Депутаттың айтуынша, олар айлықты алдағы уақытта да төлеуге қауқарсыз. Ал сот дауларында қатысқан және мүлкіне тыйым салынған 30-дан аса компания 1300 қызметкердің жалақысын қайтармаған. Сенатор жұмысшы құқығын қорғау үшін еңбек келісімшартын есепке алудың бірыңғай жүйесін қолдануды ұсынды.
Андрей Лукин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:-Қызметкерлердің жұмыспен қамтылуын бақылау үшін әрі жалақы бойынша қарыздың өсуіне жол бермеу үшін еңбек келісімшарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін қолдануды ұсынамын.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде 3 мыңнан аса жұмысшы табысын ала алмай жүр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133346/)