![Ақ теңіз циклоны Қазақстанға қатты жел әкеледі](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/11/6/1604646221853.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Синоптиктер 7-9 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады. Алдағы үш күнде республика аумағында жауын-шашын болып, жел күшейеді.
«Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігіне Ақ теңіз аудандарынан келетін циклон жырасы әсер етеді. Жауын-шашын болады. Елдің басым бөлігінде жел күшеюі ықтимал. Кей жерлерде тұман, көктайғақ және бұрқасын болады», - делінген хабарламада.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақ теңіз циклоны Қазақстанға қатты жел әкеледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133357/)