Түркістан қаласында коронавирус пен пневмониядан жазылып шыққандарға арналған алғашқы оңалту орталығы ашылды. 25 орынға лайықталған мекемеде 2 дәрігер бар. Физиотерапия және массаж бөлмелері жұмыс істейді. Тұрғындар 10 мен 20 күн аралығында ем-дом қабылдайды. Одан бөлек, өкпеге пайдалы жаттығулар жасайды.
Алдағы уақытта орталықты магнитті терапия және басқа да медициналық аппараттармен жабдықтау жоспарланған.
Айнұр Ақбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістанда коронавирустан сауыққандарға арналған оңалту орталығы ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133365/)