![Тұман, бұрқасын, көктайғақ - 14 өңірде ескерту жарияланды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/11/9/1604895050272.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазгидрометтің мәліметінше, дүйсенбіде еліміздің 14 өңірінде ескерту жарияланды.
Нұр-Сұлтанда бүгін жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болады, желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.
Ақмола облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал, желдің екпіні 15-20 метрге күшейеді.
Ақтөбе облысында да тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің екпіні секундына 15-20 метр-ге жетеді.
Алматы облысында қатты жел тұрып, екпіні секундына 17-22 метрге күшейеді.
Атырау облысында желдің екпіні секундына 15-20 метр болады деп болжанып отыр.
ШҚО-да да қатты жел тұрады, екпіні секундына 15-20, 25 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, жел күшейеді (секундына 15-20 метр).
Қарағанды облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал. Желдің екпіні секундына 15-20, 28 метрге жетеді.
Қостанай облысында да тұман, көктайғақ күтіледі. Секундына 15-20 метр жел тұрады.
Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрып, желдің ұйытқуы секундына 15-20 метрше жетеді.
Маңғыстау облысында желдің екпіні 15-20, 23-28 метр болады.
Павлодар облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады деп болжанып отыр, жел секундына 15-20 метрге күшейеді.
Түркістан облысында жаңбыр, қар, тұман күтіледі, жел секундына 15-20 метрге күшейеді.
Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге жолда абай болып, ақырын жүруге кеңес береді. Жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде өте мұқият болғаны абзал.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тұман, бұрқасын, көктайғақ - 14 өңірде ескерту жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133433/)