Атыраудағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында шағала мен суқұзғындар қырылып жатыр. Оқиға Каспий теңізінің жағалауында және Жайық өзенінің жоғарғы сағасында тіркелді. Бүгінде әлемдік құс жолында орналасқан қорық аумағынан 80-нен астам қанаттының өлексесі табылды. Олардың неден қырылғаны әзірге белгісіз. Сынамалар алынып, зертханаға жіберілді. Резерватта дәл осындай жағдай, 2013 жылы болды. Ол кезде «Шалыга» аралынан 1300-ге жуық өлі құс табылды.
Мереке Шалқаров, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтың инспекциясының бөлім басшысы:Өлмеген құстардың арасында әлсірегендері бар. Болжам бойынша, миграция кезінде шаршап, әлсіреген болса керек.
Асхат Қарабалиев, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты басшысының орынбасары:Қазіргі уақытта басқа аң-құстардың өлімі тіркелген жоқ.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Ақжайық» резерватында құстар қырылып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133446/)