Батыс Қазақстан облысында ертеңнен бастап екі апталық карантин енгізіледі. Демалыс күндері санитарлық бекеттер арқылы өтіп жатқандар тексеріледі. Аудан, қала аумақтарына кіріп-шығу тиісті құжаты бар азаматтарға рұқсат етіледі. Сондай-ақ облыстағы барлық ойын-сауық, сауда орындары мен дәмхана, кафелер сенбі, жексенбіде жұмысын тоқтатады. Шектеулердің енгізілуіне аурулардың артуы себеп. 1 қарашадан бері өңірде 250 адамнан індет анықталған.
Мұхамғали Арыспаев, БҚО бас санитарлық дәрігері:Бекетте Ішкі істер органдарының мамандары мен медқызметкерлер, эпидемиологтар тұрады.
Рауан Диәли
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БҚО-да екі апталық қатаң карантин енгізіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133450/)