Парламент Мәжілісі мен мәслихат сайлауына қатысатын партиялар сайлауалды съездерінің уақытын белгіледі. Екі күннен соң «Қазақстан коммунистік халық партиясының» іс-шарасы өтеді. Қарашаның 18-де «Ауыл» партиясының съезі ұйымдастырлады. Жиында әр партия депутаттыққа кандидаттардың тізімін белгілейді. Ал орталық партия кеңесі съезде қарастырылатын мәселелерді бекітті. Оның бірі – сайлауалды бағдарламаның жобасын таныстыру. Еске салсақ, 2021 жылы қаңтарда өтетін саяси науқанға қатысуға алты партия тіркелді. Жалпы, шараларға 15 миллиардтан астам теңге қаржы жұмсалады деп жоспарланған.
Фариза Мұсақызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Партиялардың сайлауалды съездерінің өтетін уақыты белгіленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133457/)