![Халықтың банк алдындағы қарызы 7 трлн теңгеге жетті](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/11/10/1604980329075.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2020 жылдың қыркүйегінде халықтың банктер алдындағы несиесі 2%-ға артып, 7 трлн теңгеге жеткен. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті.
«Қыркүйекте халықтың кредиті 7 трлн теңгені құрады. Несиенің құрылымын талдасақ, тұтыну қарызы 4,2 трлн теңге, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен ипотекалық қарыздар 2,1 трлн теңге болды», - дейді Ерболат Досаев.
Ұлттық банк төрағасы хабарлағандай, экономиканы дамыту үшін берілетін несие өсіп, 14,3 трлн теңгеге жеткен. Бұл – ұзақмерзімді несие көлемі. Ал, экономика үшін қысқа мерзімге берілген несие Досаев хабарлағандай, керісінше, азайып, 2 трлн теңгеге түскен.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Халықтың банк алдындағы қарызы 7 трлн теңгеге жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133489/)