![Жекешелендіру аясында 100 млрд теңгеге 7 нысан сатылған](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/11/10/1604981713283.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2016-2020 жылдарға арналған кешенді жекешелендіру жоспары 93%-ға орындалған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті.
Негізі, Жамаубаевтың айтуынша, биыл 74 нысанды сату жоспарланған. Оның 39-ы сатылымға шықты. Әзірге, 100,4 млрд теңгеге жетеуі сатылған.
«Сауда-саттықта 32 нысан тұр. 6 объект қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді.16 объект жыл соңына дейін сатуға қойылады. 13 жобаны сатылымға шығару мерзімі 2021-2024 жылдарға ауысты», - деп хабарлады Ерұлан Жамаубаев.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жекешелендіру аясында 100 млрд теңгеге 7 нысан сатылған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133490/)