Атырауда 200 орынға арналған модульді аурухана пайдалануға берілді. Демеушілер есебінен салынған нысанның жалпы ауданы 6700 шаршы метрден астам. Ғимарат 8 блоктан және 10 қосалқы құрылыстан тұрады. Заманауи емдеу мекемесі неміс технологиясы арқылы тұрғызылған. Мұндағы палаталардағы әр төсекке оттегі жүйесі қосылған. Нысан - толық автоматтандырылған. Инфекциялық ауруханада 3 ауысыммен 200-дей маман қызмет етпек.
Азамат Ерболов, №2 облыстық аурухана директорының орынбасары:
-Маман толық жеткілікті. Жетпеген жағдайда қосымша мамандар шақыртамыз. Аудандардан да шақыртуға болады. Сонымен қатар, қалалық емханалардан мамандар тартамыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда 200 орындық модульді аурухана ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133527/)