Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы стационар жанынан оттегі станциясы салынды. Ал карантин басталғалы мұнда 2 мыңнан астам шетелдік азамат жатқызылды. Жалпы еліміздің Өзбекстанмен шектесетін Сарыағаш ауданындағы стационарда 180 төсек-орын жасақталған. Аудандық аурухана зертханасының тәулігіне 500-ге жуық сынама алуға мүмкіндігі бар. Емдеу мекемесі 2-3 айлық дәрі-дәрмек қоры және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген. Таяуда орталық аурухана жанынан салынған жеке оттегі станциясы іске қосылды.
Бауыржан Оспанов, Сарыағаш ауданы орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:-Орталықтандырылған оттегіні өзі өңдеп ауруханаға жеткілікті мөлшерде беріп отырады. Осыған дейін 70 нүкте болған. Қосымша қазір 134 болды. Барлық палатаға, реанимация бөліміне қойылған.
Ғани Қалмаханов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сарыағаш ауданында стационар жанынан оттегі станциясы салынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133582/)