![Қазақстандықтар ақшасын қай банкте сақтайды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/11/12/1605159948192.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қыркүйектің соңында елдегі банктердегі депозиттер көлемі 20,64 трлн теңгені құрады. Бұл бір ай бұрынғыға қарағанда 2,9%-ға, жыл басымен салыстырғанда 14,8%-ға көп, ал бір жыл бұрынғыдан 21,5%-ға артық.
Finprom.kz мониторингтік агенттігінің мәліметіне сүйенсек, корпоративтік салымдармен қатар, банктердегі бөлшек салымдар бойынша да өсім бар. Мәселен, бір айда бизнес салымдары 4%-ға артып, 10,28 трлн теңгеге дейін жетті. Ал халықтың депозиті бір айда 1,8%-ға өсіп, 10,36 трлн теңге болды.
Айлық көрсеткіш бойынша, ең көп салым салынған банк - ForteBank. Өсім 6,5%. Жалпы сомасы 1,48 трлн теңге. Осы айда бұл банктегі бизнес салымдар 9,5%-ға артып, 922,6 млрд теңгеге жетті. Азаматтардың жеке депозиттерінің үлесі де 1,9%-ға өсіп, 557,4 млрд теңгені құрады.
Екінші орында «Сбербанк» тұр. Салым көлемі 1,96 трлн теңгеге (+6,3%) дейін өскен. Атап айтқанда, бөлшек салым - 3%-ға, корпоративтік салым - 9,2%-ға артқан.
Үздік үштікті «Ситибанк Қазақстан» түйіндейді. Бұл банктегі салымдардың барлығы 858,9 млрд теңге болған. Өсім 5,5%. Корпоративтік салымдар бір жыл ішінде 5,6%-ға өскен. Ал бөлшек салымдар керісінше, 7,6%-ға кеміген.
Жалпы, бір айда ТОП-10 банктің 8-і оң көрсеткіш көрсеткен.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандықтар ақшасын қай банкте сақтайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133596/)