Нұр-Сұлтан қаласында бір күннің өзінде ковид жұқтырған 47 жағдай тіркелді. Науқастар санының көбеюіне байланысты қала «сары» аймаққа өтті. Сол себепті карантин талаптары жеңілдемейді.
Сондай-ақ жедел штаб отырысында бірнеше мәселелер назарға алынды. Біріншіден, полиция қызметкерлері мен санитарлық дәрігерлер рейдтерді күшейтеді. Екіншіден, медицианлық мекемелер қосымша жабдықтармен, қорғаныс құралдарымен, дәрі-дәрмектермен жабдықталған. Бірақ жағдай ушығып кетсе дәрігерлер жетіспейді. Үшіншіден ПТР тестпен қамту үшін ауруханалар мен стационарлардың акушерлік блоктарында изотермиялық зертханалар ашылды. Төртіншіден, КВИ-ға биоматериал алу зертханаларының саны 15-ке артты. Олар күніне 10-мыңнан астам зерттеу жасай алады. Бесіншіден, автобус парктері, коммуналдық кәсіпорындар мен басқада нысандар ерекше бақылауға алынды.
Раушан Сайлауқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтан қаласы коронавирус бойынша «сары» аймаққа енді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133607/)