Бүгін елордада қар жауып, көктайғақ кесірінен 100-ге тарта жол-көлік апаты тіркелді. Сондай-ақ Батыс Қазақстанда да жол апаты көбейді. Ондаған түрлі жарақат алса, үш адам көз жұмған. Өңірде қар жауып, жолдарды көктайғақ басты. Осыған байланысты дөңгелек ауыстыру станцияларында ұзын-сонар кезек, қала көшелерінде кептеліс пайда болды. Синоптиктер болса, мұндай жағымсыз күн райының аптаның соңына дейін жалғасатынын айтады.
Рауан Диәли
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада көктайғақ кесірінен 100-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133645/)