![Елшілік қызметкері Нұр-Сұлтанға ауру әкелді - Сәдуақас Байғабылов](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/11/13/1605246890644.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов сыртқы саяси ведомство қызметкерінің COVID-19 жұқтырғанына қатысты мәлімдеме жасады.
«Ресей Федерациясы елшілігінің қызметкері халықаралық рейспен Нұр-Сұлтанға келді, бірден ПТР-тест тапсырды. Зерттеу Ресей азамытының коронавирус инфекциясын жұқтырғанын анықтар берді. Қазір елшілік қызметкері қалада 14 күндік карантинде жатыр», - дейді Сәдуақас Байғабылов журналистерге жіберген ақпаратында.
Вирус табылған адам Ресей азаматы екенін, Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істейтітін, Нұр-Сұлтанға келгендегі мақсаты - Ресей Федерациясының елшілігіне бару екенін айтқан.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елшілік қызметкері Нұр-Сұлтанға ауру әкелді - Сәдуақас Байғабылов&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133653/)