![Демалыс күндері Қазақстанда 18 градусқа дейін аяз болады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/11/13/1605252720217.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
14-16 қарашада елімізде ауа температурасы біртіндеп төмендейді, деп хабарлайды Қазгидромет.
«Орталығы Екатеринбургте орналасқан ылғалды циклон Қазақстанның көп бөлігінің ауа райын анықтайды. Жауын-шашын, кей жерлерде қатты, көбінесе қар түрінде жауады, жел күшейеді, елдің солтүстік жартысында бұрқасын болады», - делінген хабарламада.
Түңгі уақыттарда еліміздің басым бөлігінде 10-18 градусқа дейін аяз болады, Оңтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыста және шығыста ауа температурасы 2-13 градусқа дейін төмендейді. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, оңтүстік жартысында көктайғақ болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Демалыс күндері Қазақстанда 18 градусқа дейін аяз болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133655/)