Қазақстанда коронавирус қарқыны бәсеңдер емес. Кеше 638 адамнан вирус анықталған. Оның жартысына жуығы Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар және Қостанай облыстарында да науқастар көп анықталған.
Бұған қоса вирусты пневмония саны да азаяр емес. Өткен тәулікте 179 жағдай расталып отыр. 3 адам аурудан көз жұмған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өткен тәулікте 638 адам коронавирус жұқтырған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133673/)