Алматыда Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыру ісі бойынша айыпталушыларға қатысты үкім шықты. Сот шешімімен істің бас фигуранты - экс-банкир Жомарт Ертаев 11 жылға сотталды. Мемлекеттік айыптау Ертаев кінәсін мойындағанын, қылмыстық істі тергеуге көмектескенін, залалды ішінара өтегенін, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары барын ескерген. Естеріңізге сала кетейік, қомақты қаржы жымқыру ісіне қатысты сот былтыр басталған болатын. Тергеу деректеріне сүйенсек, қылмыс 2011-2017 жылдар аралығында жасалған. Экс-банкирдің өзі 2018 жылдың қарашасында Мәскеу қаласында ұсталып, уақытша қамауға алынған еді.
Қуан Нұрақын
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Bank RBK ісі: Жомарт Ертаев 11 жылға сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133764/)