![Қазақстан Қырғыз Республикасына өкпені желдететін 400 аппарат пен 2 млн бетперде жібереді](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/11/17/1605586203580.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады. Дереккөзіне сүйенсек, қырғыз тарапы гуманитарлық көмек алу үшін халыққа медициналық бұйымдар қажет деп, ресми түрде өтініш жасаған.
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, коронавирус инфекциясына қарсы күрес аясында ҚР Үкіметі Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді. Қырғызстанға 400 өкпені жасанды желдету мобильді аппараты және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 млн медициналық маска жіберіледі», - деп хабарлаған Үкіметтің ресми сайты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан Қырғыз Республикасына өкпені желдететін 400 аппарат пен 2 млн бетперде жібереді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133783/)