![Биыл мектептерде жаңажылдық шаралар өте ме - министрлік жауап берді](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/11/17/1605603127726.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Биыл мектептерде мерекелік шаралар өтпейді. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты.
«Кезекші сыныптардағы оқушылар үшін мектепте жаңажылдық мерекелік шаралар ұйымдастырылмайды», - деді ол Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте.
Сондай-ақ комитет төрайымы баспасөз мәслихатында қай өңірлер коронавирус бойынша «қызыл аймаққа» енгенін де атап өтті.
«Қазіргі таңда бізде «қызыл аймақта» Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр. «Сары аймаққа» Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай және Павлодар облыстары енді. Қалған өңірлер «жасыл аймақта», - деді Есмағамбетова.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Биыл мектептерде жаңажылдық шаралар өте ме - министрлік жауап берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133792/)