Қазақстан Қырғызстанға COVID-19-бен күресу үшін гуманитарлық көмек көрсетеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен көрші елге медициналық бұйымдар жіберіледі. Атап айтқанда, 400 өкпені жасанды желдету аппараты мен елімізде өндірілген 2 миллион маска жеткізіледі. Шешім қырғыз тарапының ресми түрде көмекке жүгінуіне байланысты қабылданды.
Амангелді Сейітхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан Қырғызстанға 2 млн бетперде мен 400 ӨЖЖ аппаратын жібереді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133797/)