Елордалық білім ошақтары да ұлық мейрамды ерекше атап өтті. Шаттанып, қуанған оқушылар әннен шашу шашып, мың бұрала би биледі.
Бірлік пен берекенің бастауы саналатын бұл күнде ұлттық құндылықтарымыз дәріптеледі. Мәселен, №78 мектеп-гимназия ұжымы жастарға өнеге ретінде құда түсу, сырға салу, сәбиді қырқынан шығарып, бесікке бөлеу ғұрыптарын көрсетті.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордалық білім ошақтарында ұлттық құндылықтар дәріптелді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/1338/)