Тауарларды таңбалау көлеңкелі кәсіпті жойып, бюджет кірісін 58 млрд теңгеге көбейтеді. Сауда және интеграция министрі Қазақстанда 6 сала бойынша тауарларды таңбалау тәртібі енгізілетінін айтты. Бұл бюджет кірісімен қатар, заңды кәсіптен түсетін пайданы 337 млрд теңгеге дейін арттырады. Сонымен бірге тауардың өзіндік құны төмендеп, нарықтағы бағасы 10%-ке арзандайды. 3 мыңға жуық жұмыс орын ашылады. Айта кетейік Қазақстан ЕАЭО аясында темекі мен тері бұйымдарына міндетті таңбалау енгізген. Енді дәрі-дәрмек, аяқ киім, сүт өнімдері мен алкогольді таңбалауды пилоттық жоба ретінде бастайды.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бірқатар тауар түріне міндетті таңбалау енгізілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133826/)