Коронавирусқа қарсы вакцина таралып, әлемдік экономика қалпына келсе, доллардың құны 20%-ке құлдырауы мүмкін. Америкалық Citigroup банкі сарапшылары осындай болжам жасады. Айтуынша, келер жылы әлемдік сауда-экономикалық өсім қалпына келсе, инвесторлардың долларға қызығушылығы төмендейді. Америка валютасы 2000 жылдардың басындағы жағдайды қайталауы мүмкін дейді. Ал ол кезеңде доллар әлемдік сауда көлемі ұлғайып, құлдыраған еді.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Citigroup: Доллар құлдырауы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133829/)