Биткоинның бағасы 18 мың доллардан асты. Әлемдегі ең танымал криптовалюта құны 2018 жылдан бері алғаш рет көтеріліп отыр. CoinMarketCap порталы мәліметінше, биткоин бағасы 9,78%-ке өсіп, 18 223 долларға жетті. Осыдан екі жыл бұрын оның құны 17 мың доллардан асқан. Содан бері орнаған бұл алғашқы рекорд. Жаһан нарығында биткоиннің үлесі 65,3 процент.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Биткоинның бағасы 18 мың доллардан асты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133885/)