![Қазақстанда көбіне 2000 және 5000 теңге қолдан жасалады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/11/19/1605761757117.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Биыл жеті айда Қазақстанда 1,2 миллион теңге болатын 381 жалған банкнот анықталды. Жалпы, елде жалған купюра саны екі есеге жуық қысқарған. Сондай-ақ бұл кезеңде жалған монета табылған жоқ.
Ranking.kz мәліметінше, жыл басынан бері қолдан жасалған ақшаның саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,9%-ға азайды. Былтыр 718 жалған банкнот пен алты монета анықталған еді.
Биыл елімізде көбінесе номиналы 2000 теңгелік (41,47 %) және 5000 теңгелік (31,5%) купюралар қолдан жасалған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда көбіне 2000 және 5000 теңге қолдан жасалады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133896/)