Қызылорда облысында қатты аяздың салдарынан автокөліктер күрежолда қалуда. Полиция инспекторлары үш күнде 40-тан аса жүргізушіге көмек көрсетіп, жақын елді мекендерге жетуіне жәрдемдескен.
«Самара-Шымкент» тасжолында қалғандардың көбі - жүк тасымалдайтын көліктер. Ызғардан дизель жанармайы қатып, әбден әбігерге түскен. Арнайы ауыр техника көмекке келіп, көліктер сервистік орталықтарға жеткізілген. Алыс сапарға қатынайтын жүргізушілерге әзірге жолға шықпауға кеңес беріледі.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылорда облысында аяздың салдарынан 40-тан аса көлік жолда қалған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133935/)