![COVID-19 жұқтырған 220 адамның жағдайы ауыр - ДСМ](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/11/20/1605845490532.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанда өткен тәулікте 791 адамнан коронавирус анықталды. Оның 242-сі Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Алматы қаласында 91 адам вирус жұқтырып, тәуліктік көрсеткіш бойынша 2-ші сатыда тұр. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 123888-ге жеттi. Оның 111483-і дертінен айықты.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 10 435 адам ем қабылдап жатыр. Оның 481-і бала. Науқастардың арасында 220 адамның жағдайы ауыр. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Сондай-ақ коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 158 жағдай тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 40848 адам пневмонияға шалдыққан. 29869 адам індеттен жазылып шықты.
Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 7 адам көз жұмды. Коронавирустан қайтыс болғандар саны - 1970, пневмониядан көз жұмғандар саны (1 тамыздан бері) - 424.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=COVID-19 жұқтырған 220 адамның жағдайы ауыр - ДСМ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133940/)