![22 қарашада Нұр-Сұлтанда автобус жүрмейді](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/11/20/1605846839264.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жексенбі күні, 22 қарашада елордада қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады, деп хабарлайды City Transportation Systems компаниясы.
«Нұр-Сұлтан қаласы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «сары аймақта». Қалалық ведомствоаралық комиссиясының шешіміне сәйкес, қоғамдық көлік демалыс күндері жүрмейді», - делінген хабарламада.
Ал 23 қарашадан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды. Автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз, SMS және мобильді қосымшалар арқылы төленеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=22 қарашада Нұр-Сұлтанда автобус жүрмейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133942/)