Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкімет басшысының орынбасары Алексей Оверчук пен «Сбербанк» басқарма төрағасы Герман Греф бастаған ресейлік делегациямен кездесті. Көрші ел өкілдері «Сбер» экожүйесін пайдалану тәжірибесімен бөлісті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметі басшыларымен және ресейлік делегация өкілдерімен экожүйелерді технологиялық тұрғыдан дамыту, мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру бойынша екіжақты іс-қимыл жөнінде пікір алмасты. Кездесу соңында Қазақстан мен Ресей тарапы цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Фариза Мұсақызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы ресейлік делегациямен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/133979/)