Президент Қ.Тоқаевтың баспасөз хатшысы Б. Уәли Бозжыра табиғи қорығының басында қонақ үй салынбайтынын мәлім етті. Бозжыра маңында отель тұрғызылатыны туралы хабар қоғамның, эко-белсенділердің наразылығын туғызған. Тіпті туристік бизнес өкілдерінің өздері шетелдік туристер, өзіміздің адамдар ондағы пәк табиғатты саялауға баратынын айтқан.
– Олар бірінші кезекте бес жұлдызды қонақ үйге емес, Бозжыра мен Тұзбайырды көруге, рухани азық алуға келеді. Құрылыс басталса, тұмса табиғатты тамашалағысы келетін шетелдіктердің қызығушылығы керісінше, азаяды, - дейді турфирма өкілдері.
Сонымен қонақүйге салуға қарсылардың негізгі аргументтері: «Қызыл кітапқа» енген түрлерге қауіп төнеді; Бұл жердің топырағы өте үгілгіш, сондықтан археология ескерткіштерінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Маңғыстаудан Аягөз Оралбайқызының материалы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бозжырада қонақ үй мен мейрамхана салуға табиғат жанашырлары түбегейлі қарсы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134019/)