Атыраудағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи қорығында қырылған құстардың пастереллезге шалдыққаны анықталды. Сондай-ақ алынған сынамалардан құс тұмауы табылмады. Бұл – Нұр-Сұлтандағы зертхананың жасаған қорытындысы. Бұған дейін әлемдік құс жолында орналасқан резерват аумағынан, 80-нен астам шағала мен суқұзғынның өлексесі табылғанын айтқан едік. Бүгінде өлген құстың саны 150-ге жуықтады.
Арман Молдашев, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтың инспекциясы басшысының орынбасары:
Не себептен пастереллез инфекциясы болғаны, әрі қарай оның адамға жұғатын жұқпайтыны туралы алдағы уақытта тағы да қорытынды болады.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Ақжайық» қорығындағы құстар пастереллезден қырылған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134097/)