Елімізде жалған нөмірмен жүретін көлік жүргізушілері көбейіп барады. Атырауда бірнеше мәрте жол ережесін бұзған 24 жасар тұрғын ұсталды. Ол жалған нөмірмен 104 мәрте ереже бұзып, 2 млн теңгеден артық айыппұлды төлемеген. Полицейлер «Toyota Camry» маркалы темір тұлпарды тізгіндеген бұзақыны ұстаған бойда ереже бұзғаны үшін 9 хаттама толтырып, тағы 180 мың теңге айыппұл салды. Көлік айып тұрағына қойылды.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=104 рет ереже бұзған көлік жүргізушісі 2 млн теңге айыппұл төлеуі тиіс&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134114/)