Солтүстік Қазақстан облысында оқу жылы басталғалы 24 мұғалім мен 108 оқушы коронавирус жұқтырды. Олардың барлығы қазір оқшауланып, ем қабылдауда. 68 бала індетті осы қараша айында жұқтырған. Уәлиханов ауданында қазір 4 мектеп қашықтан оқуға көшті. Соңғы дерек тіркелген Ақбұлақ ауылындағы орта мектепте 7 оқушы мен шағын орталықтың бір тәрбиеленушісінен коронавирус анықталды. Ауылдағы жағдай қазір мамандардың бақылауында. Егер, ауру жұқтырғандардың қатары көбейсе мектеп карантинге жабылады.
Гүлмира Кәрімова, облыстық білім басқармасының басшысы:-Қазіргі күні 19 бала коронавируспен ауырып жатыр. Оның 14-і Уәлиханов ауданындағы оқушылар. 7-еуі Ақбұлақ ауылындағы Чехов орта мектебінен, қалғандары Кішкенекөл ауылындағы бірінші және екінші орта мектептен. Балалар каникул кезінде жұқтырған, сондықтан басқа оқушылар арасында анықталған жоқ. Ауырған балалардың барлығы карантинде.
Сағындық Сәбитұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=СҚО-да індет тіркелген 4 ауыл мектебі қашықтан оқуға көшті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134117/)