![Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/11/26/1606361300889.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды. 820 адам вирус жұқтырған. Оның 164-і Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Солтүстік Қазақстан облысында - 114 және Павлодар облысында 110 адамнан вирус анықталды. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 128400-ге жеттi.
Соңғы тәулікте 417 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Елдегі COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 114821. Қайтыс болғандар - 2008.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 571 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 710 бала бар. 210 науқастың жағдайы ауыр.
COVID-19 белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 168 жағдай тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 41595 адам пневмонияға шалдыққан. 30289 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 434.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134187/)