Қаншама адамның өмірін жалмаған індеттен сабақ алып, тәртіпке бағыну керек. Сонда ғана инфекцияның таралуына жол жоқ. Осылай деген алматылық анестезиолог-реаниматолог Мұрат Дәрібаев карантин шараларының маңызына мән беру керектігіне тоқталды.
Дәрігер COVID-19 вирусының өршіген тұсында күндіз-түні тынбай наустар өмірі үшін күресті. Аурудың ауыр салдарын халық жіті түсініп, алда да барынша сақ болса дейді.
Мұрат Дәрібаев, анестезиолог-реаниматолог:«Тәртіпке жүгінген құл болмайды». Барлық айтылып жатқан ақыл-кеңестер жайдан-жай емес қой. Олар тек халықты ойлап жасап жатыр. Болған нәрселердің барлығын ақылға салып, кішкене өздері анализ жасап көрсе деймін.
Жазира Оразқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Дәрігер: Сақтық, тәртіпке бағыну – індетке тосқауыл&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134198/)