Ералы Тоғжанов Масаншы ауылының тұрғындарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ералы Тоғжанов Масаншы ауылының тұрғындарымен кездесті

26.11.2020

Жамбыл облысы Қордай ауданында қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізіліп, жергілікті тұрғындарды мазалайтын мәселелер анықталған. Әлеуметтік салаға арналған сауалнамаға 30 мыңдай тұрғын қатысты. Бұл жайында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың Қордай ауданына жұмыс сапары барысында айтылды. Үкіметтік делегация Масаншы ауылының тұрғындарымен арнайы кездесу өткізді. Жиынға ауыл қариялары мен зиялы қауым өкілдері де шақырылған. Онда Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізде тұратын көптеген этностар арасындағы бейбіт және үйлесімді қарым-қатынасты нығайтуға көмектесіп жатқаны айтылды. Вице-премьер осы бірегей модельсіз елдің тұрақты дамуы мүмкін емес дейді. Сондықтан өскелең ұрпаққа осы құндылықтарды жеткізу – маңызды міндет. 

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
Ел бірлікте жүру керек, барлығы түсіністікпен қарайтын болса, шешілмейтін сұрақ жоқ. Сондықтан үлкен шаруалар жасалып жатыр. Ауданға газ тартылып жатыр.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу