Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен әңгімелесті. Бейнеконференция форматында қос тарап одақтың қазіргі ахуалын және оны дамыту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ 11-ші желтоқсанда мемлекеттер басшыларының қатысуымен онлайн-форматта өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қаралатын мәселелер жайлы пікір алмасты. Әрі Қазақстанның келер жылы Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы жайы да сөз болды.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тоқаев Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы жайында пікір алмасты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134224/)