Даңқты боксшылар Майк Тайсон мен Рой Джонс арасындағы жекпе-жекті Ұлттық арна мен «Qazsport» арнасы тікелей эфирден көрсетеді. Әйгілі былғары қолғап шеберлері 29 қараша күні шаршы алаңға шығады. Тікелей эфир Нұр-Cұлтан уақытымен таңғы сағат 7:50-де басталады. «Аңыздар шайқасы» деп аталатын бұл шоу АҚШ-тың Калифорния штатында өтеді.
53 жастағы Майк Тайсон соңғы рет 2005 жылы рингке шыққан. Жалпы мансабында 58 жекпе-жек өтізіп 50-інде жеңіске жеткен. Ал «Капитан Хук» аталып кеткен 51 жастағы Рой Джонс 75 кездесудің 66-сында қарсыласынан басым болған. Ол соңғы рет шаршы алаңға екі жыл бұрын шыққан еді.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналары Тайсон-Джонс жекпе-жегін көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/134261/)